Ресейлік сарбаз өмірінің құны: батыстық сарапшылардың пікірі

Украина аумағында қарқынды соғыс қимылдары жүріп жатқанына 11 ай болды, оны Еуропадағы соңғы 80 жылдағы ең қанды соғыс деп атауға болады. «Ұрыс қимылдарының қарқындылығы жоғары деңгейде қалып отыр, бұл РФ армиясына орасан зор шығын алып келуі мүмкін. Мәселен, қараша айында АҚШ Штаб бастықтарының біріккен комитетінің басшысы армия генералы Марк Милли 100 000-ға жуық орыс сарбазы қаза тапқанын немесе жарақат алғанын мәлімдеді. Киевтің мәлімдеуінше, Ресей әскері 135 000-нан астам адамынан айырылды. Мұндай жаға ұстатарлық шығындар Ресей президентінің бастапқы жоспарын өзгертпеуде. Ол өзінің империялық амбициясын жүзеге асыру үшін ресейліктердің өмірін құрбан етуге дайын», — деп жазады Еуропадағы әскери сарапшылар.

Олар сондай-ақ Украина жерінде Ресей жағында әптүрлі санаттағы азаматтар — әлеуметтік топтардың түрлі өкілдері соғысып жатқанын атап өтті.Айта кету керек, мұндай «әр сатыда» Путиннің саяси беделіне әсер ететін адам өмірінің өзіндік құны бар.

«Бірінші санаттағылар — тұтқындар. Путин үшін әлеуметтік тұрғыдан алғанда бұл соғысқа тартылған ең «арзан» сарбаздар. Статистикаға сүйенсек, ресейлік орташа статистикалық тұтқынның бостандықта оған жылы көзбен қарайтын ешкімі жоқ. Осылайша, аталған санаттағы адамдармен бірінші дүниежүзілік соғыс стильінде ұрыс қимылдарын жүргізе отырып, олар Украина әскерін ығыстырады деген үмітпен, кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарға жіберуде. Ресейдің әскери қолбасшылығы үшін ресейлік тұтқынның өлімі аса маңызды мәнге ие емес. Тұтқындарды «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин белсенді түрде өз қатарына қосты. «Вагнер» орасан зор шығынға ұшырап жатқанына әскери компания жалдамалыларды жерлеу үшін пайдаланып жатқан зираттар дәлел. Соңғы 2 айда ол 7 есеге артты», — дейді Украинаның әскери сарапшылары.

Фото: Батыстық сарапшылар әр түрлі санаттағы әскерилердің өмірінің құны әр түрлі деп санайды

Олардың пікірінше, кәсіби жалдамалылардың өлімі де аса маңызды мәнге ие емес. «Екінші санаттағылар — кәсіби жалдамалылар. Олар қаржылық сыйақы үшін өз еркімен соғысқа аттанған адамдар. Бірақ кәсіби жалдамалыларды бірінші санаттағы адамдар сияқты «жем» қылмайды. Біріншіден, олар онша көп емес. Екіншіден, оларды жұмыс берушілер жүз пайыз өлімге жіберетін болса, олар шұғыл басқа бағытта «соғысуға» аттанады», — дейді украиналық сарапшылар.

«Үшінші санат — келісімшартшылар. Бір жағынан олар кәсіби әскерилер. Сондықтан ұрыс алаңындағы олардың өлімі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және қалай болғанда да олардың өлімі әлеуметтік тұрғыдан қолайлы. Екінші жағынан келісімшартшылардың көмегімен Бахмут бағытындағыдай қарқынды ұрыс қимылдарын майданның барлық желісі бойынша жүргізу үшін олардың саны жеткіліксіз. Бұл ретте Ресейде келісімшартшылардың қарапайым азаматтардан аса қатты айырмашылығы жоқ және олардың соғыстағы өлімі қоғамда байқалатын болады, бұл қорқыныш, хаос, сондай-ақ билікке наразылықты тудырады», — дейді сарапшылар.

Фото: Батыстық сарапшылар әр түрлі санаттағы әскерилердің өмірінің құны әр түрлі деп санайды

Ресейлік мобилизацияланғандарды жеке топ қылып көрсетуде

«Төртінші санат — мобилизацияланғандар, — деп жазады украиналық сарапшылар. — Бұл мобилизацияның алғашқы легі кезінде соғыстан хабары жоқ болған азаматтық тұлғалар. Олар үшін соғыс және майдандағы ықтимал өлім мүмкін еместей көрінді. Сондықтан Ресей қоғамында мобилизацияланғандардың өлімі көптеген сұрақтар тудыруда.

Сарапшылар бесінші санатқа мерзімді сарбаздарды жатқызып, оларды Путин үшін ең қымбат санат деп атады. «Егер соғыстың бастапқы кезеңін еске алатын болсақ, ресейлік қоғамда Украинамен соғысқа шұғыл қатысатындар туралы ақпарат кең көлемде резонанс тудырды. Ол кезде қоғамдық пікір Ресей үкіметінің көңілінен шықпайтын. Сондықтан қазіргі таңда путиндік режим аталмыш санатты жаппай соғысқа тартпауға тырысады «, — деп мәлімдейді сарапшылар.

«Қалай болғанда да, Путиннің режимі ашқан мағынасыз соғыс ұзаққа созылған сайын, жоғарыда аталған барлық санаттарда құрбандар көбейеді. Жоғары қарқынды шайқастар және соның салдарынан үлкен шығындар Путинге майданды қолдау үшін адамдар қажет деп болжайды «, — деп өз пікірін аяқтайды украиналық әскери сарапшылар.

Добавить комментарий