Полиция қызметкерлері Балқашта атыс қаруынан жарақат алған офицердің әріптесін ұстады.
Оқыс оқиға болған күні Қорғаныс министрлігі зардап шеккен адам қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамады деп хабарлады.
30 мамырда жергілікті гарнизонда жарақат алған офицердің әріптестері Балқаш қаласындағы тергеу изоляторына қамады, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның сайты.
Прокурорлардың мәліметінше, күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталды. Зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр.
«Қылмыстық істі тергеу үшін ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Азаматтарды, БАҚ және әлеуметтік желі қолданушыларын ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген прокуратура хабарламасында.
Оқыс оқиға болған күні Қорғаныс министрлігі зардап шеккен адам қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамады деп хабарлады.