Жаңа президент АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығуын және бұрыңғы президенттің көптеген саяси шешімдерінің күшін жойды.
АҚШ-тың жаңа президенті Джозеф Байден мемлекет басшысы қызметінде алғашқы жұмыс күні 15 жарлыққа қол қойды
Олардың ішінде:
- АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығуы туралы шешімнің күшін жою туралы
- Париж климаты жөніндегі келісім шеңберіндегі міндеттемелерге АҚШ-ты қайтару туралы;
- мемлекеттік мекемелерде бетперделерді тағудың 100 күндік режимін енгізу және бетперделерді міндетті түрде тағуды қамтамасыз ету туралы;
- коронавирустан туындаған дағдарыс салдарынан қаражатсыз қалған азаматтарды шығаруға мораторийді ұзарту туралы;
- білім беру несиелері бойынша төлемдерді тоқтата тұруды ұзарту туралы;
- кедейшілікке байланысты жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар туралы;
- АҚШ-Мексика шекарасындағы төтенше жағдайды жою және Мексикамен шекарадағы қоршау құрылысын федералдық қаржыландыру туралы;
- Канадамен шекарада Keystone XL мұнай құбырының құрылысын тоқтату туралы;
- кейбір мұсылман елдері азаматтарының АҚШ аумағына кіруіне тыйым салудың күшін жою туралы;
- мұнай мен табиғи газ өндіру үшін арктикалық аймақ аумақтарын жалға беруге мораторий енгізу туралы;
- DACA мигранттарының балаларын қорғау бағдарламасын нығайту туралы, бұл АҚШ-қа балаларымен бірге келген жастарды депортациялаудан уақытша босатуға мүмкіндік береді;
- мигранттарға азаматтық беру туралы.
Байден сондай-ақ 20 қаңтарда ұлықтау күнін ұлттық бірлік күні деп жариялау туралы мәлімдемеге қол қойды.