Warner Bros Гарри Поттер туралы тағы бір фильм түсіруді жоспарлап отыр


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48552-1676658372-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Warner Bros киностудиясы Гарри Поттер туралы тағы бір фильмдердің жалғасын түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Қазіргі уақытта «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» кинофильмі әзірленуде.

Бұл туралы Sun газетінің материалдарында хабарланды.

«Қазіргі уақытта Warner Bros «Қарғыс атқан бала» фильмін үлкен экрандарға шығару жолдарын іздеп жатыр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, үлкен экранға шығару бойынша жоспарлар Лондонда көрсетілген «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» пьесасының сәтті қойылымынан кейін пайда болды.

Басылымның мәліметінше, басты жұлдыздарды, оның ішінде Дэниел Рэдклиффті шақыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, былтыр қаңтар айының басында «Гарри Поттер 20 жылдан кейін: Хогвартсқа оралу» атты арнайы басылымның тұсаукесері өтті. Экран бетінде Дэниел Рэдклифф, Эмма Уотсон, Руперт Грин және басқаа да сүйікті актерлердің пайда болуы фанаттарды қуантып, желіде бірнеше апта бойы пікірталастар болды.

Добавить комментарий