Жоспар өзгерді: АҚШ Президенті Джо Байден мен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кездесуі Ақ үйде емес, Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясында өтеді. Бұл шешім Байден әкімшілігінің Құрама Штаттар ішіндегі ықтимал саяси салдарға қатысты қауіптен туындап отыр.
Кездесу орны ауысқаны туралы ақпаратты Axios порталы өз дерекөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Олардың мәліметінше, Америка әкімшілігіндегі ұзақ пікірталастардан кейін Байден Нетаньяхумен Нью-Йоркте кездесуді ұйғарған.
Инсайдерлердің хабарлауынша, Нетаньяху Ақ үйден шақырту келмегеніне шамданып, Вашингтондағы Израиль елшісі Майкл Герцогқа Байденмен кездесу ұйымдастыруды сұраған. Бұл мәселе бойынша басқа да шенеуніктер айналысқан, кездесу болатын күн ретінде 22 қыркүйекте ұсынған, себебі президент пен премьер осы күні Нью-Йорктегі БҰҰ желісі бойынша іс-шаралар бағдарламасын аяқтайды.
Бірақ, прещидент әкімшілігі ортақ шешімге келмегендіктен, Байден Нью-Йоркті таңдады. АҚШ әкімшілігінің дереккөздерінің айтуынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл шешім туралы телефон арқылы Нетаньяхуға хабардар еткен. Себебі президенттің жұмыс кестесіне байланысты Ақ үйдің сопақ кабинетінде кездесу өткізу қиынға соғуда.
Американдық лауазымды тұлғалардың бірі түсіндіріп өткендей, презилент әкімшілігі Ақ үйдегі келіссөздер Байденнің Демократиялық партияның алдындағы жағдайына зиян келтіреді деп қауіптенеді. Сондай-ақ, америкалық көшбасшының көмекшілері АҚШ-та тұратын израильдіктердің ықтимал наразылықтарынан қорқады. Кездесу орнының өзгеруі Байденнің Израильдің ішкі саясаты жөніндегі ұстанымына қатысты белгі болуы мүмкін.