Түркия Грекия СІМ басшысының Ираққа сапарына наразы

Грек телеарнасының хабарлауынша, Түркия билігі кеше, 2020 жылғы 14 қазанда Мосулдың солтүстігіндегі түрік-Ирак шекарасының үстінен 20 минут бойы Грекияның үкіметтік ұшағын әуеде ұстап, бұрын мақұлданғанына қарамастан ұшып өтуге рұқсат беруден бас тартқан.

Лайнердің бортында сыртқы істер министрі Никос Дендиас болған. Түрік билігі VIP-рейс туралы хабардар болып рұқсатын берген, ұшақ Түркия-Ирак шекарасына жақындаған кезде бас тартқан. Дипломатиялық келіссөздер басталды, ұшақ биіктікті төмендетіп, мәселе шешілгенше айналып ұшуға мәжбүр болды. Бұл ретте жанармай жетіспеушілігі мүмкін қаупі туындады. Келіссөздерден кейін түрік билігі рұқсат беріп, ұшақ Афина маңындағы Элефсин деген жердегі әскери әуеайлаққа қонды.

Телеарнаның хабарлауынша, «түрік билігінің әрекеттері тату көрші ұғымына қайшы келіп, дипломатиялық тәртіп ережелерін бұзады». Телеарна комментаторларының пайымдауынша, бұл қадам Түркияның Грекия СІМ басшысының Ираққа сапарына наразы екенін көрсетеді. Ұшақтың ұшуына кедергі жасау мәселесін Еуропалық кеңестегі грек делегациясы көтереді деп күтілуде.

Грекияның Түркиямен қарым-қатынасы 12 қазанда Анкараның Oruc Reis атты түрік зерттеу кемесін Грецияның Кастелоризо аралына жақын жердегі грек теңіз қайраңы ауданына жөнелтуі салдарынан шиеленісіп кетті. Барлау жұмыстарының ауданы осы аралдың жағалауынан 6,5 теңіз миліне дейін жетеді. Кеме түрік әскери кемелерінің тобымен қорғалған. Oruc Reis Анталиядан және түрік кемелері базаларынан шыққаннан кейін Грекия өзінің егемендік құқықтарын қорғайтындығын мәлімдеп, әскери-теңіз күштері мен әуе күштерін қайтадан жауынгерлік дайындыққа келтірді.

Добавить комментарий