Бұзақылар 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы ескерткіштің тақтайшаларын ұрлап кетті

Алматылық полицейлер Алматыдағы 28 панфиловшы саябағында фашистерге қарсы ерлікпен соғысқан батырларға орнатылған ескерткіштен маңдайшаны ұрлап кеткен бұзақыларды ұстады.

Алматы полициясы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Батырлар аллеясынан маңдайшаны ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

4 наурызда полицияға 28 гвардияшы-панфиловшыл атындағы саябақта Батырлар аллеясының тұғырынан екі әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Қылмыстық іс ҚК 188-б. 3-б. (бөтен мүлікті ұрлау) және ҚР ҚК 294-б. — вандализм бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Аталған қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді. Ұрылар бірден анықталды. Сондай-ақ, қысқа мерзімде олар мінген автокөлік анықталды «, — деп хабарлайды полициядағылар.

Күдіктілер үшеу, олар 24-25 жаста. Күдіктілер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары. Қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Олар шойын тақтайшалар мен жезден жасалған әріптерді одан әрі қабылдау пунктіне сату мақсатында ұрлағандарын мойындады.

«Біз ұрланған мүлікті сату бағытын жедел анықтап, ұрланған мүлікті сатып алуға қатысы бар тағы үш адамды анықтадық — олар слд ауылдың тұрғындары. Соңғы орын — Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесіндегі металл қабылдау пункті. Батырлар аллеясынан ұрланған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полицейлер заттай айғақтар тәркіледі. Олардың жалпы салмағы 44,5 келі. Сатып алушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 196-б. 1-б. — қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сатып алушылар да уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий