Бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды

Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр ұсталды. Мұхаммедқалый Әбілғазиев 2020 жылғы 15 маусымда радиожиіліктерді сатумен болған жанжалдан кейін үкімет басшысы қызметінен кеткен болатын.

Бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы заңсыз баю қылмыстық ісі аясында ұсталды. Мұхаммедқалый Әбілғазиев Құмтор кен орнына байланысты іс бойынша тергеліп жатқаны белгілі, оның егжей-тегжейі әлі хабарланбаған.

Бұған дейін қаржы полициясы Мұхаммедқала Әбілғазиевке елден шығуға тыйым салған болатын. Кетуге әрекет еткен жағдайда ол ұсталатыны айтылды. Кейін бұрынғы премьерді жауап алуға шақырды, бірақ қандай іс бойынша екені хабарланбады. 26 қаңтарда оны қайтадан жауап алуға шақырып, кейін қамауға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхаммедқалый Әбілғазиев радиожиіліктерді сатумен болған жанжалдан кейін отставкаға кеткен болатын. Ол кезде бұл іске ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Мұхаммедқалый Әбілғазиев 2018 жылдың 20 сәуірінен бастап елдің премьер-министрі қызметін атқарған.

Осыған дейін, 25 қаңтарда Қырғызстанның әскери прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Әбділ Сегізбаевты ұстаған болатын.

Добавить комментарий