БҚО-да өрт сөндіру бөлімі бастығын өлтірген адам 11 жылға бас бостандығынан сотталды

№27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиевті өлтірген Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Руслан Мәкішевке қатысты айыптау үкімі шығарылды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Макишев өзінің кінәсін жартылай мойындап, Нұрғалиевті өлтіру ниеті болмағанын айтты. Сот оны кінәлі деп тауып, қылмыстық-түзеу жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген хабарламада.

БҚО өрт сөндіру бөлімі бастығының өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарының мән-жайы

ҚР ҚК 106-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қаралған іс материалдарынан Мәкішев 2021 жылдың ақпанында №27 өрт сөндіру бөлімінің техникасына арналған гаражға өз машинасын айдап кіргізгені белгілі болды. Ол көшеде суық болғанын айтып, көлікті жылы жерге қойғысы келгенін айтты.

«Таңертеңгісін өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев бөтен көлікті көріп, оны сыртқа шығаруды сұрайды. Одан кейін, наурыз айында Руслан Макишев Ақан Нұрғалиевке кек сақтап, мас күйінде өрт сөндіру бөліміне жиі келіп, қызметкерлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіре бастаған. Тағы бір келгенде ол бейнебақылау камераларын сындырды. Нұрғалиев полицияға арызданамын деп Макишевке ескерту жасайды. 25 наурызда сағат 22:30-да Руслан Макишев пен досы Ілиясов өрт сөндіру бөліміне мас күйде келіп, Нұрғалиевті шақыртуды талап етеді», — делінген іс материалдарында.

Қызметкерлер басшысына қоңырау шалып шақырған соң ол жұмыс орнына келеді.

«Нұрғалиев Макишевке үйіне барып, демалып келуін сұрайды, бірақ ол бұған көнбей, оны ұстап алып, бірнеше рет бетінен ұрған. Нұрғалиев есінен танып қалады, ал соққыға жыққан ер адам өрт сөндіру бөлімінен жалтарып кеткен. Ол есін жиғаннан кейін Макишевтің үйіне барып, оны соққыға жығады. Нұрғалиев ата-анасының үйіне дейін жетіп, қораға кіріп, қайтадан есінен танып қалады. 27 наурызда сағат 05:30-да Нұрғалиев алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды «, — деп нақтылады басылым.

Добавить комментарий