БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген жарты миллиард теңгеден астам қаражат жымқырылды

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Орал қаласындағы тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтауға бөлінген жарты миллиард теңгенің жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚР ҚМА) баспасөз қызметі хабарлады.

«Агенттік қызметкерлері Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген 540 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады. Ведомство бұл қаражат Орал қаласындағы ЕТЖЖ-ні электрмен жабдықтауға бөлінгенін мәлімдеді», — делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін жымқыру ісі бойынша өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

«Өткен жылы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 309 қылмыстық іс қозғаған», — деп толықтырды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий