Британиядағы украиналық босқындар баспанасынан айырылуы мүмкін

Ұлыбританияда кез келген уақытта 50 мыңнан астам украиналық босқын баспанасыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

Біріккен Корольдік үкіметі украиналық босқындар үшін қолдау көрсетудің жаңа схемаларын әзірге ұсынбады.

Homes for Ukraine үкіметтік қолдау бағдарламасы аяқталуға жақын.

Наурыз айынан бастап жүзеге асырылған бағдарламаның шарттарына сәйкес, үкімет украиндықтарды қабылдаған үй иелеріне ай сайын 350 фунт стерлинг төлейді.

Үкіметтің мәліметінше, аталған бағдарлама бойынша Ұлыбританияда шамамен 84 мың адам бар. Аталып өткендей, қыркүйек айында Homes for Ukraine бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталады және Украинадан келген босқындардың бір бөлігі баспанасыз қалуы мүмкін.

Қабылдаушы отбасылар мен ұйымдардың бір бөлігі үкіметтен қосымша қолдау қажет екенін, әйтпесе олар босқындарды қабылдай алмай қалатынын мәлімдеді.

Ұлыбритания үкіметі әзірге бағдарламаны ұзарту бойынша ешқандай шара қолданбауда және босқындарды қабылдап отырған демеушілер үшін қосымша қолдау шараларын жарияламауда деп жазады басылым.

The Guardian Британия бастан кешіп отырған ішкі қиындықтар «үйсіз қалудың апатты өсуіне» алып келетінін айтты.

Barnardo’s балалар қайырымдылық ұйымының талдауында 15 000-нан 21 000-ға дейін украиналық уақытша баспанасынан айырылуы мүмкін, ал келесі жылдың ортасына қарай олардың саны 50 000-нан астам адамға дейін артады делінген.

Добавить комментарий