БҚО-да мұз құрсауында қалған аққулар құтқарылды

Батыс Қазақстандағы Жәнібек ауылының тұрғындары көлде мұз құрсауында қалған аққуларды байқаған. Аяздан құстар өлім ауызында қалған.

Куәгерлердің айтуынша, олар аққуларды 18 қараша күні таңертеңгі уақытта байқаған. Олардың айналасындағы қатқан мұзды тұрғындар жарғанымен, аққуларды судан алып шығара алмаған. Туындаған жағдайға байланысты тұрғындар өз ауылдық округінің әкімшілігіне жүгінгін. Аққулар түнге қалса, одан сайын тоңып, өліп қалады деп қауіптенді.

Сол күні БҚО ТЖ департаментіне Жәнібек ауылдық округінің әкімдігі хабарласып, құстарды су қоймасынан шығаруға көмек сұрады.

БҚО ТЖ департаментіне келіп түскен ақпаратқа бей-жай қарамады. Құтқарушылар тобы Жәнібек ауылына, қатып қалған құстарға көмекке аттанды.

Кейінірек ТЖ департаменті аққуларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады.

Қазіргі уақытта құстар ауыл тұрғынының қорасына орналастырылды, бірақ ол көктемге дейін құстарды басқа жерге орналастыру мәселесі шешілгенше уақытша осында болады.

Департаменттің хабарлауынша, аққуларды орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.

Добавить комментарий