Қызмет құны қымбат болғанына байланысты Батыс Қазақстан облысында 48 елді мекен газға қосылмаған.
«БҚО тұрғындары үшін газға қосылу орташа есеппен 300-450 мың теңге. Шенеуніктердің айтуынша, көптеген ауыл тұрғындарында мұндай ақша жоқ, сондықтан газ жеткізілетін ауылдардағы үйлердің шамамен 50 пайызы «көгілдір отынсыз» қалып отыр. Бұл туралы бүгін, 8 маусымда облыс әкімдігінде өткен аппарат отырысында белгілі болды, онда өңірдегі газдандыру жағдайы талқыланды», — делінген жергілікті БАҚ хабарламасында.
Бұл ретте 48 ауылдық елді мекен табиғи газға қол жеткізе алмайды. Олар: Ақжайық (2 ауыл), Бөрлі (4), Жаңақала (2), Жәнібек (2), Бәйтерек (8), Қаратөбе (3), Сырым (8), Тасқала (9), Теректі (4), Шыңғырлау (5 ауыл) аудандарындағы елді мекендер