РФ бұқаралық ақпарат құралдарында елге дұшпандары көз тігіп отырғаны жиі айтылып келеді. Ресей әскерлері Украина аумағына баса көктеп кіргеннен кейін ресейлік БАҚ-та бұл туралы кеңінен айтыла бастады. Украина аумағындағы соғыс Киев пен НАТО-ның арандатуымен басталды делінуде, олар Ресейді басып алып, ыдыратуды көздеген-мыс.
Кремль «қас елдердің» тізімін жүйелі түрде толықтырып отырады. Қазіргі таңда аталған тізімде 50-ден астам мемлекет бар. Батыстық сарапшылар Ресейдің мәлімдемелеріне сенбеу қажет деп отыр: «Кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы 20 айдан астам уақыт өткенін ескеретін болсақ, пропагандисттердің айтқандары шындыққа жанаспайды және ресейліктердің мұны түсінетін кезі келді».
Ол өз сөздеріне дәлел ретінде Батыстың әлі күнге дейін РФ-ны басып алмағанын келтіріп отыр. «Егер Батыс Ресейді жаулап алғысы келетін болса, неліктен әлі күнге дейін баса көктеп кірмеді? Ресей армиясына қарсы тұру үшін НАТО әскерін Украинаға жіберсе болар еді. Бірақ қазіргі уақытта оккупанттарға қарсы тек Украина Қарулы күштері соғысуда. Киевтің батыстық одақтастары Украинаға НАТО-ның әскери контингенті жіберілетіні туралы бірде-бір рет айтылған жоқ».
Сондай-ақ, «Украинаның одақтастары Ресей аумағына шабуыл жасауға болатын алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды бермей отыр» делінген. Мысал ретінде Германия алыс қашықтыққа ұшатын Taurus зымырандарын беру туралы келісімді жоққа шығарғаны келтіріледі.
«Өз кезегінде, Ұлыбритания мен АҚШ Storm Shadow және ATACMS зымырандарын жіберіп, оларды РФ аумағына шабуыл жасауға тыйым салды. Егер Батыс, Кремль айтып отырғандай, РФ-ны жаулап алуды қалайтын болса, онда УҚК-ны қандай да бір қару-жарақты қолдануда шектеу қоймас еді. Одақтастар Украинаға Ресейді басып алу үшін емес, өз тәуелсіздігін қорғау үшін ғана әскери қолдау көрсетіп келеді», — дейді батыстық сарапшылар.
Әскери сарапшылардың пікірінше, Батыс Ресейге қарсы басқыншылық соғыс жүргізбейтініне екі себеп бар.
«Ресейді басып алу мүмкін емес екеніне екі тежеуші фактор бар. Біріншісі — ядролық қару. Екіншісі — сайланатын саясаткерлер. Бірінші фактор бәріне айдай анық, ешкім ядролық қаруы бар мемлекетті басып алғысы келмейді. Екінші фактор келетін болсақ, мынандай сұрақ туындайды. Үнемі сайланып отыратын батыс саясаткерлері өз сайлаушыларына Ресейді оккупациялауды қалай «ұсына» алады? Жауап — ешқалай. Батыста ешқандай дауыс беруші өз сайлау науқанында басқа мемлекетқа қарсы соғыс бастауды ұсынатын саясаткерге дауыс бермейді», — дейді саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, батыс елдері Ресейдің ыдырағанын қаламайды. «РФ ыдырайтын болса, бақылау қиынға соғатын кішігірім мемлекеттер пайда болады. Ол заңды билігі жоқ елдер шоғырына айналады, олардың ішінде заң, құқықтық тәртіп және т.б. болмайды. Хаос пен билікті қайта бөлу басталады, ал ядролық қару кімнің қолына түсетіні белгісіз. Украина аумағында Мәскеудің «қол ұшымен» құрылған ДХР мен ЛХР бұған жарқын мысал. Мұндай «мемлекеттік құрылымдар» халықаралық қоғамдастықтың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді», — деп жазады олар.
Олар Путиннің Украина аумағына Ресей әскерлерін жіберу туралы шешімі үшін Ресей Федерациясы қысымға ұшырағанын айтып отыр. «Қазіргі уақытта РФ-ға қарсы салынған барлық санкциялар мен елдің халықаралық оқшаулануы бір ғана себеппен — Украинадағы соғысқа байланысты болып отыр».