Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттықта доллар бағамы күрт төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі хабарлады.
Аталып өткендей, сағат 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 1,48 теңгеге төмендеп, 424,89 теңгені құрады.
Ал рубль бағамы керісінше көтерілді.
Ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 426,3 теңге, сатып алу – 424,9 теңге, еуро — 501,7-503,7 теңге, ресейлік рубль — 5,87-5,92 теңге.
16 қыркүйекте сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсті.
WTI маркалы мұнайдың қазан айында жеткізілетін фьючерстері 0,22%-ға төмендеп, барреліне $72,77 болды.
Қарашада жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,24%-ға — барреліне $75,64 дейін өсті.