Қазақстанда 3 кеден бекеті жойылды

Қазақстанда 3 кеден бекеті жойылды. Оның орнына «Құрық» кеден бекеті мен «Қара Шекпен» БӨП құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде декларанттар мен кеден өкілдеріне кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатыны туралы ақпарат берілді.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдарының штаттық кестесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 23.12.2020 жылғы № 1228 бұйрығына сәйкес аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің құрылымына мынадай өзгерістер енгізілді:

Алматы қаласы бойынша МКД:

  • «Алмалы — КРО» кеден бекеті қысқартылды;

Ақмола облысы бойынша МКД:

  • “Атбасар” кеден бекеті қысқартылды;

Маңғыстау облысы бойынша МКД:

  • “Қашаған” кеден бекеті қысқартылды;
  • “Морпорт” к/б “Қара шекпен” БӨП құрылды;

Түркістан облысы бойынша МКД:

  • “Түркістан-КРО” кеден бекеті “Түркістан-КРО-Әуежай” кеден бекеті болып қайта аталды.

Осылайша, 14.01.2021 жылдан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады.

Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылаудағы басқа кеден бекетін таңдауға құқылы.

Добавить комментарий