Сәрсенбі күні Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды.
Қазгидрометорталықтың хабарлауынша: «Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында найзағай күтіледі. Ал оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады», — делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында күн күркірейді. Облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз +35 градус қатты ыстық болады . Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз +36 қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күн күркіреп, +35 градус ыстық болады.
Ақмола облысының шығысында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан, батыстан және шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында солтүстікте, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Күндіз +36 ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда +36 градус ыстық болады деп күтілуде.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен батысқа ауысады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында +37 қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде +35 градус ыстық болады.