Актер Юрий Померанцев қайтыс болды

Белгілі совет актері Юрий Померанцев өмірден озды. «Наш милый доктор» фильміндегі рөлімен танылған актер 99 жасында қайтыс болды.

«20 наурыз. «Визиты к мистеру Грину» спектаклі керемет өтті. Әдеттегідей — аншлаг болды. Әдеттегідей, аты аңызға айналған Юрий Борисовичтің керемет өнер көрсетті. Соңғы жұмысы. Соңғы спектаклі. Соңғы қошеметі. Қаралы хабардан қабырғамыз қайысып отыр. «Сүйкімді дәрігеріміз» арамыздан кетті, — деп жазды Савельева сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Юрий Померанцев 1923 жылғы 11 ақпанда Киевте дүниеге келген — Ұлы Отан соғысында жарақат алып, 1943 жылы Алматыға келген, содан бері Қазақ КСР-де, содан кейін Қазақстанда тұрып, еңбек еткен, тек жылдай уақыт Саратовта тұрған. Театр мен кино саласында жұмыс істеді, 1957 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне түскеннен кейін көрермендердің көзайымына айналды, ол онда доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдады.

Юрий Померанцев — Қазақстанның Еңбек ері, Еңбек Қызыл туы, Ұлы Отан соғысы, Отан және тағы басқа көптеген басқа да награданың иегері

 

Добавить комментарий