БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш әлем ядролық қаруды сынаудан бас тартуы керек деп мәлімдеді.
«Біздің әлем ұзақ уақыт бойы ядролық қарудың кепілінде тұр. Адам өліміне алып келетін құрылғы жеңіске де, қауіпсіздікке де кепілдік бермейді», — деп жазды Гутерреш Twitter-дегі парақшасында.
Ол ядролық қарумен сынақ жүргізуді толық тоқтатуға және қару-жарақтың осы түрін тарихтың еншісіне қалдыруға шақырды.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ядролық соғыста ешкім жеңбейтінін және ол ешқашан қолданылмауы тиіс екенін айтқан болатын.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ядролық соғысқа жол бермеу Ресейдің ұстанымы екенін атап өтті.