Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Күрішбаев: «Тұрақтандыру қорының тиімділігі күмән тудырады, сыбайлас жемқорлық көріністері бар»

17 сентября 04:55 / Опубликовано в Пікірлер

Сенатор Ақылбек Күрішбаев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасына халықтың аз қамтылған топтары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорын құру туралы депутаттық сауал жолдады.

«Егер бюджет қаражатын ұлғайту мүмкін болмаса, онда аз қамтылған отбасыларды қолдауға көшу керек. Ол үшін халықтың аз қамтылған топтары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыру қажет. Азық-түлік тауарларын сатып алуды және оларды сақтау, тасымалдау, өткізу жөніндегі қызметтерді тек отандық тауар өндірушілермен конкурстық негізде фьючерстік келісімшартпен жасасу қажет. Бұл үшін ұзақ мерзімді және жеңілдікті бюджеттік несиелерді бөлу мүмкіндігін қарастырған жөн», — деп мәлімдеді сенатор.

Ақылбек Күрішбаев заңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың нақты тетігі айқындалғанын және осы мақсаттарға бюджеттен 30 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Оның айтуынша, депутаттарда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша сұрақтар туындады.

«Біріншіден, сауда орталықтарын таңдау қағидаты түсініксіз. Неге тек кейбіреулері ғана жеңілдікті несиеге қол жеткізе алады? Екіншіден, азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай ауытқыған жағдайда олардың ең төменгі шегін болжау қиын, себебі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тек маусым бойынша ғана емес, жыл сайын да өзгеріп отырады», — деп нақтылады сенатор.

Оның пікірінше, сауда орталықтары үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарларын ғана сатып алуға міндеттеме жоқ. Осының салдарынан қазақстандық фермерлер өз өнімдерін өткізе алмайды, бюджет қаражаты шетелдік өндірушілерді қаржыландыруға бағытталады.

«Тұрақтандыру қорының бағаны реттеудегі, бюджет қаражатын тиімді пайдаланудағы пәрменділігі күмән тудырады, себебі онда сыбайлас жемқорлық көріністері басым. Менің ойымша, бұл мәселемен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айналысуы тиіс», — деді Сенат депутаты.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: аз қамтылған топтар, азық-түлік, Ақылбек Күрішбаев, депутат, көмек, сенатор, әлеуметтік қор

Читать ещё

Жедел жәрдем станциясының меңгерушісі фельдшерге жасалған кезекті шабуылға қатысты пікір білдірді
Грета Тунберг Марсты игеру бағдарламасын сынға алды
Әлеуметтік сауалнама: Қазақстан азаматтарының көпшілігі жалақыларын негізсіз деп санайды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Италия Украинаға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді

    Италия премьер-министрі Марио Драги елдің Украи...
  • Алматы облысы: Өзен суы арнасынан шықты

    Алматы облысы Кербұлақ ауданы Байғазы ауылында ...
  • Ұлыбритания Премьер-Министрі Украина астығын экспорттауға барын салады

    Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Укра...
  • ҚР бойынша алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы: жаңбыр және аяз

    Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр жауып,...
  • Қазақстанға АҚШ делегациясы жоғары лауазымды шенеуніктермен кездесу үшін келеді

    АҚШ делегациясы Қазақстанға және Орталық Азияны...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: