«ҚазМұнайГаз» басшылығы «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ өкілдерімен кеңес өткізіп, кәсіпорынның өндірістік және қаржылық нәтижелері қарастырды. Кездесуде еңбек жағдайлары, әлеуметтік бағдарламалар және компанияның Маңғыстау облысы мен Қазақстанның батыс өңірлеріндегі белсенділігі талқыланды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. Кеңесте «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңартудың бірінші кезеңінің аяқталуы және Кендірлі кентіндегі су тұщыту зауытының құрылысының басталуы талқыланған басты мәселе болды.
Компания сондай-ақ Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытын салуды қолға алды, бұл жұмыс орындарын құруға және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді. Еңбекақы төлеу, жабдықтарды жаңарту және электрмен жабдықтаудың өндіріске әсері мәселелері талқыланды.
Кездесуде Өзен кен орнын оңалту жобасындағы технологиялық қиындықтар да қозғалды.