ҚР-да сот актілерінің қазақ тіліндегі жинағы шықты

Жаңа жинақ республика судьяларының VIII съезінде таныстырылды. Басылым «Мемлекеттік тілдегі сот актілерінің үлгілері» деген атаумен таныстыра отырып,  жинаққа қылмыстық және азаматтық істер бойынша 300 сот актісі енгенін, олар 700 беттен тұратынын хабарлады. Кітапты әзірлеуге жұмыс бір жыл бойы жалғасты.

«Жинақ материалдарын ғылыми талдау үшін біз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң және филология факультеттерінің ғалымдарына жүгіндік. Заң сараптамасын аумақтық органдар мен Жоғарғы Соттың судьялары жүргізді», — деп атап өтті жоба жетекшісі Нұргүл Қарағойшина. Көп сатылы тексеруден кейін ЮСАИД қолдауымен кітаптың 1000 данасы жарық көрді.

«Мемлекеттік тілдегі сот актілерінің үлгілері» жұмыста пайдалану үшін аумақтық органдарға жіберілді.

Н.Қарағойшина жинақтың редакциялық алқасы – Ж.Асанов, Д.Әміров, Н.Шәріпов, А.Мерғалиев, Ө.Ыбыраев, Е.Боранбаев, Н.Қайыпжан, Г.Дүйсенбаев және А.Жүкеновке заңгерлік сараптама жүргізуге көмектескендері үшін ризашылығын білдірді. Б.Мұхитденова мен Г.Сәбитованың жинақты шығаруға қосқан үлестері атап өтілді.

Н.Карагойшина судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған көмекші құралдарды шығару процессуалдық тілді жетілдіруге және сот актілерінің сапасын арттыруға ықпал етеді деп санайды.

Добавить комментарий