Ақтаудағы «ҚазАзот» зауытының шатыры опырылып құлады. Кәсіпорын тыңайтқыш өндірісімен айналысады.
«ҚазАзоттың» баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 шілде күні сағат 05:20-да кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру цехында шатыр опырылып құлады.
Оқиға қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алған. Кәсіпорын мамандары құрылыс нормалары мен ғимараттарды жобалау және монтаждау ережелері ауа райының шатыр асты құрылымдарына теріс әсер ететінін білмеген сияқты.
«Соңғы екі аптада аптап ыстықтың болуы, нөсер жаңбыр, сондай-ақ оқыс оқиға болған күні найзағай ойнап, қатты жел тұруы салдарынан ғимараттың шатыры ішінара опырылып құлады. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орынын «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС авариялық-құтқару қызметі тексерді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қауіпті аймақ қоршалған, жұмысшыларға кіруге тыйым салынған. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.