Қазақстанда 29 адам азаптаe ісі бойынша жауапқа тартылып жатыр. Олар ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері.
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.
Оның мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергелуде. Тағы бес істі тергеу аяқталды. Олар бойынша 23 адам жауапқа тартылады.
«Азаптау ісі бойынша 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Оның 17-сі полицей, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері , — деді Шыңдалиев мәжіліс кулуарынды.
Ол азаптаудан алты адамның қайтыс болғанын атап өтті. Қазір үш адамның өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, қалғандары тергеліп жатыр.
Айта кетейік, бүгін мәжілістің жалпы отырысында рақымшылық жасау бойынша заң жобасы мақұлданды. Алдын ала бағалау бойынша, 1,5 мыңға жуық адамға рақымшылық жасалады. Рақымшылыққа құқық қорғау саласындағы бір қызметкер ғана ілігуі мүмкін, ол «Қылмысты жасыру» бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылды.