Оралда иттерге арналған баспананың жағдайы тұрғындарды үрейлендірді

Орал қаласының зооқорғаушылары қалалық ветеринарлық станция қызметкерлері пайдаланатын баспанда жануарларды ұстау жағдайларына наразы болды. Иттер мен мысықтарды аулауға және зарарсыздандыруға арналған ақша бюджеттен бөлінеді.

Облыс орталығының тұрғыны Оксана Зашаған кентінде орналасқан баспанаға көшеде ұсталған итті алып кету үшін келді. Көргендері оның жанына тиіп кетті.

«Біз қансыраған иттерді көрдік. Олар суық еденде жатады. Мал дәрігерлері жануарларға қажетті екпе жасауы керек еді. Келесі күні баспанаға барар жолда біз даланың ортасында итті байқадық. Стерилизациядан кейін жануардың тігістері ашылып кеткен. Қарны ісініп, іріңдей бастаған. Қатты аяздан жануар қиналып өледі. Ветеринарлық станция қызметкерлері арнайы киіммен жабдықталмаған. Олардың аулауға құжаттары жоқ», — деді әйел.

Михаил Точилин ерікті. Оның баспанасында жүзден астам ит бар. Ер адам иттерді зарарсыздандыру — қажет нәрсе, бірақ процесті ұйымдастыру керек дейді.

«Онда толық антисанитария. Нәжіс мен несептің иісі. Жануарларды тазалау керек. Иттер өте қатал қарайды. Питомник мал соятын жерге ұқсайды», — деді ол.

Қалалық ветеринарлық станцияда зооқорғаушылардың айыптауларымен келіспейді. Мұнда жануарлардың қайтадан тіршілік ету ортасына шығарылатын бейнебаян көрсетілді. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қаңғыбас жануарларды аулауға және стерилизациялауға 7 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл соманың жартысынан көбі игерілді.

«600-ден астам ит пен мысық ұсталды. 450 ит зарарсыздандырылып, шығарылды. Біз еріктілермен тығыз байланыста боламыз. Олар иттерді баспанаға алып кететін кездер де көп. Жануарларды зарарсыздандырғаннан кейін жылы жерде ұстаймыз», — деді қалалық ветеринарлық стансаның директоры Ғаділбек Әлібеков.

Айта кетейік, Оралда осы уақытқа дейін ауланған иттер мен мысықтарды жойылған. Қазір оларды стерилдеп, қайта босатуға шешім қабылданды.

Қыркүйек айында Орал қаласының маңындағы үйсіз иттер елу үй құстарын қырып кеткені туралы хабарланған.

Добавить комментарий