Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Кабулдағы терактіге қатысты мәлімдемесі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан астанасында 11 адамның өмірін қиған террористік актіні қатаң айыптады.

Соңғы мәліметтер бойынша, бес адам қаза тапты. Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті ИГИЛ өз мойнына алды.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ү.ж. 11 қаңтарда Кабулдағы әкімшілік ғимараттың жанында нәтижесінде ондаған адам қаза тапқан террористік актіні қатаң айыптайды. Министрлік қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады және Ауғанстан билігін өз аумағындағы терроризм көздерін жою бойынша күресті күшейтуге шақырады», — делінген Қазақстан СІМ мәлімдемесінде.

Теракт 11 қаңтарда Кабулдағы СІМ ғимаратында болған. Жанкешті лаңкес ғимаратқа кірмек болған, бірақ оны күзетшілер тоқтатқан.

Әу баста дереккөздер 20 адамның қаза болғанын хабарлаған, бірақ кейінірек Кабулдың қауіпсіздік қызметі шабуыл салдарынан бес адамның қаза тапқанын, бірнеше адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті ИГИЛ (Қазақстанда ұйым тыйым салынған) өз мойнына алды.

Добавить комментарий