Қазақстанның солтүстігінде аукционда ескі шіркеу 34,5 мың теңгеге сатылды

Солтүстік Қазақстан облысында 1864 жылы салынған шіркеу аукционға қойылған болатын. Бастапқы құнын бағалаушылар 11,3 млн. теңгеге бағалаған, алайда ол 34,5 мың теңгеге ғана сатылды.

Петропавловск.news аймақтық басылымының жазуынша, Жамбыл ауданы Новорыбинка ауылының орталығында орналасқан шіркеу қазан айынан бастап аукцион арқылы сатпақ болып үш рет қойған.

Бастапқыда бағалаушылар ескі шіркеудің құнын шамамен 11 млн теңгеге бағалаған. Алайда иесіз қалған үй-жайды сатып алуға мұндай қаражатты жұмсағысы келетіндер табылмады. Көп ұзамай кезекті аукцион тағайындалып, онда ең төменгі баға 1 теңгеге дейін төмендетілді. Нәтижесінде ғимарат тек төртінші аукционда ғана сатылды. Сатудың соңғы сомасы 34 487 теңгені құрады.

Басылымның жазуынша, аукционның басты мақсаты ғимаратқа қарай алатын және оны қалпына келтіру алатын нақты қожайынын табу болды.

«Ғимаратты ескерткіштермен айналысатын қор сатып алды, ниеттері түзу», — деп мәлімдеді Зирин ауылдық округінің әкімі Николай Волков.

Шенеуніктің айтуынша, шіркеу ғимаратын мемлекет теңгерімінен шығарып, оны қалпына келтіруге мүдделі адамдардың қолына тапсырудың бірден-бір заңды жолы аукцион болған.

Добавить комментарий