Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы, Nur Otan партиясының мүшесі Бақытбек Смағұл қазақ және орыс тілдеріндегі үш томдық шығармалар жинағын тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шараға кітаптардың бірінің басты кейіпкерлері — Ауған соғысының ардагерлері Байғали Көкімбаев, Әлімжан Ерниязов, Ғабил Халафов қатысты.
Бақытбек Смағұлдың шығармаларының үш томы да біздің заманымыздың батырлары — Отан қорғаушылар мен жауынгерлерге арналған
Шығармалар жинағының бірінші томы — Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қатысты зерттеулер.
Екінші томда автор Борис Керімбаевтың ерлігі туралы ой толғап, батырдың патриоттық рухы, батырдың азамат ретіндегі биік санасы, соғыс пен бейбітшілік туралы өз пайымдарын ортаға салады.
Үшінші томдағы естеліктер «Үш қырлы жебе»: Байғали Көкімбаев, Әлімжан Ерниязов, Ғабил Халафов» деген жалпы атаумен біріктірілген. Соғыстың үлкен мектебінен өткен, қан майданның қатал тезінде сыналған достар туралы. Кітапта олардың Ауғанстандағы аңызға айналған ерліктерін суреттейді.
«Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі әскери-патриоттық тәрбие болып табылады. Бұл шығармалар нағыз батырларға, рухы мықты адамдарға арналған. Бірінші кезекте, олар туралы өскелең ұрпаққа, ұрпақтарға, тек әскери саладағыларға ғана емес, барлық қазақстандықтарға да білу қажет. Кейбіреулер өмірден озғанымен, олардың үлгісі еліктеуге лайық. Жастар тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін білуі керек», — дейді кітап авторы Бақытбек Смағұл.
Айта кетейік, кітаптар Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспа үйінде басылып шықты.