Қазақстанның шығысындағы ауылды қалың қар басты

Қазақстанның шығысындағы ауылды қалың қар басты

Қазақстандықтар әлеуметтік желідегі парақшаларында қалың қарға жамылған Шығыс Қазақстан облысындағы Феклистовка ауылында түсірілген суреттерді жариялап жатыр. Кадрларда ауылда қар бірнеше күн жауғаны көрінеді.

Қардың биіктігі екі метрге жетті. Жергілікті тұрғындар үйлерінен шығатын жолды ғана тазартты.

Еске сала кетейік! Кеше Глубокое ауданында жалпы көлемі 600 текше метр қар көшкіні жүрді. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады деп күтілуде.

Төтенше жағдайлар департаменті аймақта қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын ескертіп, таулы жерлерге және қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бармауды ұсынады. Облыстағы тасжолдар жабық.

Добавить комментарий