Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады. Еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты.

19 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

19 қарашада түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, тау асуларында күші15-20 м/с.

Синоптиктер Шымкент пен Түркістанда тұман басады деп болжап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Добавить комментарий