Ресей мен Қазақстанды көп нәрсе байланыстырады: тарих, мәдениет, құндылықтар мен тілі. Сондықтан «біз бір отбасымыз» тезисі Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасында жиі айтылады. «Ресей мен Батыс арасында геосаяси алаңда қақтығыс орын алғалы Орталық Азия республикасы солтүстіктегі көршісінен бірте-бірте алшақтап барады», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
Қазақстандағы саяси дағдарыс пен ҰҚШҰ әскерлерін елімізге келуін Путин өз пайдасын асырып, Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Батыс саясаттанушылары РФ депутаттары жасаған мәлімдемелерден Батыс елдерінің қолдауынан айыруға және посткеңестік кеңістіктегі елдердің президенттерін халықаралық қауымдастықтан оқшаулауға деген ұмтылысын көріп отыр. «Нәтижесінде, олар Ресейден басқа ешкіммен ынтымақтаса алмай қалады», — деп жазады еуропалық сарапшылар.
Еуропалық парламент Қазақстандағы қаңтар айында орын алған оқиғаларға байланысты қарар қабылдағаннан кейін жағдай басқаша қалыптасуы мүмкін. Депутаттар халықаралық тергеуді бастауға және адам құқықтарын бұзғаны үшін ЕО режимі аясында қазақстандық шенеуніктерге санкция салуға шақырды. Қазақстан аталған қарарға бірден жауап берді. Республика Сыртқы істер министрлігі қабылданған қарар біржақты сипатқа ие және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдеді.
ҚР мен ЕО арасындағы түсініспеушіліктің арты жақсылыққа апармайды. Егер еуропалықтар қаңтардағы оқиғаларға қатысты халықаралық тексеруді талап етсе, ал Қазақстан өз ұстанымынан бас тартпаса, онда батыс елдерімен қарым-қатынасында сызат түсуі мүмкін. «Осыдан кейін Ресей мен Белорусьтегі болып жатқан жағдай орын алады — қоғамды екіге айыру, шетел агенттерін тізімін құру және тағы басқалар. Жоғарыда атап өткендей, Мәскеу үшін жағдайдың осылай өрбігені тиімді, өйткені Путин өз геосаяси мақсатына — Қазақстанға саяси тұрғыдан ықпал ететін болады», — дейді еуропалық саясаттанушылар.
«Өз кезегінде Қазақстан Үкіметі салмақты әрі дұрыс таңдау жасау керек. Ал дұрыс таңдау — Батыспен ынтымақтастық екені айдан анық, тек осындай ынтымақтастық арқылы Қазақстан Ресейге тәуелді болмай, еркін өмірге бір қадам жақындатады», — деп жазады батыс сарапшылары.
ҚР Президенті Тоқаев Қазақстан халықаралық міндеттемелерін ұстанатынын мәлімдеді. «Қазақстан ЕҚЫҰ ПА депутаттарын қаңтардағы оқиғаларды талқылауға шақырды. Бұл Орталық Азия Республикасының Батыспен ынтымақтастығын жалғастыруға дайын екенін және Ресеймен бірге болғысы келмейтінін көрсетеді», — дейді батыс саясаттанушылары.