Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4% көбейді

2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы көлемі 5,4%-ға көбейді.

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 5,4%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

«Алдын ала деректер бойынша Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 7 млн долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді», — деп нақтылады статистиктер.

Ресейге экспорт — $2 млрд, импорт — $5 млрд, Қырғызстанға — $178 млн және $118 млн, сәйкесінше Беларуське — $23 млн және $214 млн, Арменияға — $2 млн және $3 млн құрады.

Добавить комментарий