Назарбаевтың портреті 20 000 теңгелік банкнотқа басылады

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 20 000 теңгелік купюра айналымға шығады.

Мерейтойлық банкноттың дизайны бірегей технология бойынша дайындалды: банкноттың тігінен орналасқан және номиналдың голографикалық бейнесін, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған логотипті және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың факсимилесін қамтыған металсыздандырылған жолақ әлемде алғаш рет қолданылды.

Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағы негізінен тік бейнелерді, сыртқы жағы көлденең бейнелерді қамтиды.

Банкнот басым түс – сұр түсте орындалған. Банкнот көлемі 155х79мм.

 

Добавить комментарий