ЕАЭО — өңірлік экономикалық интеграция ұйымы, оның мақсаты бірыңғай экономикалық саясат құру, сондай-ақ барлық қатысушылар үшін жұмыс күшінің, қаржы, қызметтер мен тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Еуразиялық интеграциялық жобаны құруды Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды деген ресми нұсқаға қарамастан, Ресей ЕАЭО-ның құрылуына мүдделі болды, бұл супердержава мәртебесіне қол жеткізу және аймақта экономикалық үстемдік ету үшін экономикалық және саяси кеңістікте ықпалын кеңейтуге бағытталған стратегиялық мүддесімен түсіндіріледі.
«Аталмыш экономикалық одақ құрылғалы бері Ресей үстемдік етті. Мәскеу күш көрстету арқылы әрекет етуді жөн көреді. ЕАЭО-да ресейлік кәсіпкерлер, инвестиция және тауарлар үшін тиімді жағдай жасалған. Ресейлік кәсіпорындардың бәсекелестері тең жағдайда жұмыс жасамайды», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар
Осы орайда сарапшылар Қазақстанға одаққа мүшелігінен пайдасынан гөрі зияны көп деп отыр. Талдушылар мен сарапшылар Қазақстан үшін осы өңірлік экономикалық интеграцияның жалпы перспективасы бар ма, сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО-да мүшелігінің перспективасы бар ма деген мәселені үнемі көтереді. Батыстық сарапшылар «Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігі елдің экономикалық дамуын тежейді, сондай-ақ батыс елдерімен неғұрлым жемісті ынтымақтастыққа кедергі келтіреді, ал жалпы бұл интеграциялық жобаны перспективалы деп санауға болмайды» деп сендіреді.
Осы орайда 2021 жылы Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етті (қазіргі таңда ЕАЭО-ға төрағалығы Қазақстаннан Қырғызстанға өтті). Төрағалық еткен жыл жеңіл болмады. Беларусь экономикасы қатаң санкцияларға ұшырады. Минск қарымта жауап ретінде Батысқа қарсы санкциялар топтамасын салды. Белгілі болғандай, Мәскеу аталған санкциялардың бастамашысы болған. Қазақстан бұған қарсы болғанына қарамастан, қарымта шаралардың едәуір бөлігін Одаққа мүше мемлекеттердің көбісі мақұлдады. Батыс сарапшыларының айтуынша, Қырғызстан тарапы Нұр-Сұлтан сияқты қарсылық білдірмейді.
Осылайша, ЕАЭО қарымта санкция салатын болса АҚШ, Ұлыбритания және ЕО елдерімен бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастыққа сызат түседі. Мұндай перспектива Қазақстан үшін тиімді емес. Бұл тұрғыда Қазақстан экономикалық одақтың мүшесі бола отырып, барған сайын аз дивиденд алады Өз кезегінде, Ресей экономикалық одақ бойынша серіктестерінің ұлттық мүддесін елемей, ЕАЭО-ның мақсаттарына нұқсан келтіруде.