Қазақстанның Бельгия мен Үндістандағы елшілері тағайындалды

Ақорда Қазақстанның дипломатиялық миссия басшыларын тағайындалғанын хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды.

«Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Ол 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Поляк халықаралық қатынастар Институты Дипломатиялық Академиясы, Варшава, Польша (2009-2010);

Краков Экономикалық Университеті, Краков, Польша (2011)

  • PhD ғылыми дәрежесіне кандидат – экономика саласындағы философия докторы

Ванкувер Университеті, Британ Колумбиясы, Канада (2015)

  • МВА — Іскерлік Әкімшілік магистрі

Хертфордшир Университеті, Хертфордшир, Ұлыбритания (2016)

  • MScIM — Халықаралық басқару, ғылым магистрі

Біліктілікті арттыру курстары:

  • Ополе қаласы Политехникалық институты (1991-1992);
  • Краков Экономикалық Университеті, «Халықаралық экономикалық және саяси қатынастар», «Менеджмент және маркетинг» факультеттері (1992-1997);
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан;
  • ҚР Президент жанындағы басшы тұлғаларына арналған курстар Астана, Қазақстан (09.2003-10.2005);
  • ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясы, Астана, Қазақстан (03.2006-04.2006);
  • Дипломаттық дәрежесі — I сыныпты кеңесші

Еңбек өтілі:

  • Daewoo Electronics компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджері (1996-1997);
  • Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) (1997-1999);
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, III хатшысы. (1999-2001);
  • Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінің атташе-консулы, III және IIхатшысы (2001-2005);
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері департаментінің Халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы (2005-2007);
  • ҚР Польша Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі (2007-2013);
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары (2013-2015);
  • Халықаралық «Toastmaster International» клубының спикері (2015);
  • Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (12.2019 жылдан бастап)

Добавить комментарий