Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі қайтыс болды. Президент Тоқаев бұрынғы үкімет басшысының отбасына көңіл айтты.

Президент Сергей Терещенконың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Терещенко тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.

«Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды», — делінген жеделхатта.

Добавить комментарий