Белгілі болғандай, қазақстандықтардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарына сенбейтін болып шықты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров үкімет отырысында Internews in Kazakhstan-ның қазақстандықтардың түрлі ақпарат көздеріне қаншалықты сенетіні туралы деректі келтірді.
«Қазақстандықтар теледидарға барынша сенеді (58,1%), екінші орында – интернет-сайттар (34,3%). Сондай-ақ халықтың жартысынан көбі мемлекеттік медиаға сенеді (51,4 %), тек 9,6%-ы жеке адамдарға сенеді. Ешкімге сенбейтіндердің үлесі 39%-ды құрады, — деп хабарлады Асқар Омаров.
Сондай-ақ, министр арнайы жұмыс тобы Қазақстанда БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.