Тува: Өрт салдарынан ТЖ режимі жарияланды

Тыва Республикасының басшысы Ховалыг орман өрттеріне байланысты Төтенше жағдай режимі жарияланғанын хабарлады.

Тува билігі орман өрттеріне байланысты төтенше жағдай режимін жарияланды, деп хабарлады республика басшысы Владислав Ховалыг.

«Орман өртіне байланысты Тувада төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдадым. Синоптиктердің болжамынша, 13 қыркүйекке дейін аптап ыстық сақталады. Өрт сөндірушілердің күш-жігеріне қарамастан, жаңа ошақтар пайда болып жатыр», — деп хабарлады ол өзінің Telegram-арнасында.

Аймақ басшысының мәліметінше, сәрсенбі күні Пий-Хемский ауданында төрт өрт сөндірілген. Қызыл жалынмен арпалысуға тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскерилер де жұмылдырылды.

55 мотоатқыштар тау бригадасы Пий-Хемский ауданына өрт сөндіру тобын жолдады. Алдағы күндері Рязань облысына іссапарға кеткен Әуе орман күзетінің 50 десантшы-парашютшісі қайтарылады.

Добавить комментарий