Түркістан қаласының тұрғыны Ватсап мессенджері арқылы қаржы пирамидасын құрған. Ол чатта адамдармен сөйлесіп, алаяқтық жолмен 24 млн теңге иемденген.
Түркістан облысы Қаржы мониторингі агенттігінің департаментіне 20-дан астам жәбірленуші жүгінген.
Түркістан тұрғыны WhatsApp мессенджері қаржы пирамидасын құрып, 24 млн теңгеден астам қаражат иемденген.
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен хабарлағандай, әйел мессенджерде ««Асыл Инвест», «Оборот 30%» и «30% за 3 дня» чаттарын құрған. Ол клиенттерге хабарлама тарату арқылы қаржы пирамидасына тартқан.
«Салымшыларға салым сомасының 30% мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілді. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банктік шоттарына аударылды. Қазіргі уақытта шағым берген тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады», — деп хабарлады агенттіктегілер