Қазақстанда үй жануарларын чиптеу ұсынылады

Қазақстанда заң жобасы қаралып жатыр, оған сәйкес барлық үй жануарларын есепке алып, чиптеуге міндеттеледі. Ал талапты орындамағандарға айыппұл салынады.

Қазақстандықтарды үй жануарларын чиптеуге мәжбүрлейді. Әйтпесе оларға айыппұл салынады.

Ел азаматтары жануарларды есепке қоюы керек.

Бұл туралы 8 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова айтты.

«Қазіргі уақытта «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы аясында біз жануарларды асырау, есепке алу, аулау, серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайтуды енгіздік. Аталған ережелерді бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Ал заңнама талаптарын қайта бұзған жағдайда жеке тұлғаға салынатын айыппұл көбейеді», — деді Шалабекова.

Заң жобасы үй жануарлары иелерінің қаражаты есебінен ақылы негізде есепке алу құралын қолдану арқылы үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізеді.. Басқаша айтқанда, үй жануарларының иелері төрт аяқты досын арнайы базаға есепке қоюы тиіс.

Экология министрлігінің жоспары бойынша тіркелмеген жануарлар ветеринарлық клиникаларға жүгінген кезде анықталады.

 

Добавить комментарий