Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында еркін бағдарламаны орындады.
Қазақстаның атынан бағдарламаның осы түрінде апалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немичтер өнер көрсетеді. Спортшылар 83.8667 ұпай жинады.
Олар 17-орынға тұрақтады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші орында -97.9000 ұпай иеленген ресейліктер Светлана Колесниченко мен Светлана Ромашина тұр.
3 тамыз күні спортшылар техникалық бағдарламаны орындайды.