Ресейліктер Градскийді соңғы сапарға шығарып салды: Мәскеуде жерлеу рәсімі өтті

Бүгін, 2021 жылғы 1 желтоқсанда Мәскеуде әнші және композитор Александр Градскиймен қоштасу рәсімі өтті. Марқұмның достары мен жанкүйерлері жерлеу рәсімі жарты сағат ерте келді.

Градскийді Мәскеудегі «Градский Холл» театрының ғимаратында ақтық сапарға шығарды.

Театр фойесінде Граскийдің жас кезіндегі портреті және маэстроның жазып кеткен әндері қойылды. Марқұмның табыты сахнаның ортасында тұрды, оның айналасына гүл шоқтары қойылған.

Естеріңізге сала кетейік! Александр Градский 28 қараша күні 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол инсульт алып ауруханаға түскен болатын. Музыкант қыркүйек айында коронавирус жұқтырғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлады.

Добавить комментарий