Қазақстандықтар кезекті қаржы пирамидасына миллиард теңгеден астам қаржы салды

Қазақстандықтар кезекті қаржы пирамидасына миллиард теңгеден астам қаржы салды. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.

«ІІМ «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «Five Winds Asset Management» деп аталатын қаржы пирамидаларына қатысты тергеуді жалғастыруда. Оның басшылары апта сайынғы кірістілігі салынған соманың 300%-ға дейін болатын жалған инвестициялық портфельдерді сатқан», — деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі.

Оның мәліметінше, алаяқтардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық зардап шеккен, залал сомасы миллиард теңгеден асқан.

«ІІМ тергеу департаменті барлық зардап шеккен азаматтардан ІІМ-ге жүгінуін сұрайды: Нұр-Сұлтан, Тәуелсіздік даңғ. 1. Сондай-ақ мына нөмірлерге қоңырау шалуға болады: 71-51-02, 71-42-94, 8-701-794-07-81, 8-701-113-56-92. Егер сіз осы алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен болсаңыз және басқа өңірде болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция департаменттеріне жүгіне аласыз. ІІМ азаматтарды қырағы болуға, жеңіл және жылдам табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады», — деді Ораз.

Ол мұндай оқиғалар туралы полицияға дереу хабарлау маңызды екенін айтты.

Добавить комментарий