Қазақстанда ауылда тұратын азаматтардың санын азайып барады.
7,5 млн. астам адам немесе елдегі халықтың жалпы санының 38,2% -ы ауылдық жерлерде тұрады.
Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Соңғы жылдары Республикада ауыл тұрғындары санының теріс динамикасы байқалуда. Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер.
Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алда, ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам. Одан кейін Қызылорда облысы – 442 423 және Маңғыстау облысы – 420 052. Ауыл тұрғындарының саны Ұлытау облысында ең аз, онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады. Облыс халқының жалпы үлесінде ауылдықтар саны басым 7 өңір: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстары.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындарының күнкөріс сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың ауылдардан кетуінің негізгі себебі — жұмыстың болмауы. Кәсіпорындар болса адамдар жұмысқа орналасады және ауылдық жерлерде өмір сүру олар үшін тартымсыз болып көрінбейді. Мәселен, былтыр күзде Айыртау ауданында ірімшік өндіретін тағы бір зауыт, спорт кешені, «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі іске қосылды. Ірімшік өндірісінің ашылуына Саумалкөл ауылында 600 млн. тг инвестиция салынды. Онда жұмсақ сортты ірімшіктің жиырма бес түрі (сулугуни, қала, моцарелла және т.б.) шығарылатын болады.