Сарапшылар Кремльдің кезекті қатеілгін атады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-41731-1667405732-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украинаның Харьков бағытындағы контршабуылынан кейін көптеген батыстық сарапшылар мен талдаушылар Украина Қарулы Күштері басымдыққа ие болып, соғыс барысын өзгертуде деп айта бастады. Қазіргі таңда бірқатар сарапшылар Украина стратегиялық түрде жеңіп жатыр деген пікірде. «Украина әскерінің сәтті контршабуылынан бөлек, РФ армиясындағы біліксіз мамандарды, сыбайлас жемқорлықты, сапасыз барлау қызметін, жауынгерлік рух төмендігін атап өткен жөн. Сонымен қатар, қате жоспарлау Ресей әскерінің позициясын тез жоғалтуына және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бермеді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Жоғарыда аталған проблемалар аясында Ресей президенті Владимир Путин арт-артынан қате шешім қабылдап, қалыптасқан жағдайды Ресейдің пайдасына қарай өзгертуге тырысуда. Осылайша Путин елде ішінара мобилизация жүргізу туралы шешім қабылдады. Батыстың әлеуметтанушылары бұл туралы былай деп жазды: «Нәтижесінде бұл ресейліктердің үрейі мен наразылығын тудырды. Ел азаматтарының басым бөлігі президенттің ішінара мобилизация туралы мәлімдемесінен кейін елден кете бастады, ал басқалары мобилизацияға қарсы митингілерге шықты. Наразылық шаралары РФ-ның көптеген қалаларында өтті. Сонымен қатар, Кремльдің пропагандисттері де ішінара мобилизациядағы бюрократиялық қателіктерді сынға алды».

Экономистердің пікірінше, мобилизация РФ-ны экономикалық дағдарысқа ұшырату мүмкін

«Ресей әскерінің сәтсіздіктері Путинді кезекті қате шешім қабылдауға мәжбүр етті. 10 қазанда Ресей Украина астанасы — Киевті қоса алғанда, Украина қалаларына зымыран шабуылын жасады. Бұл шарасыз қадам және Кремльдің кезекті қателігі. Аталған зымыранмен атқылау соғыс басталғалы бері ең ауқымды шабуыл болды. РФ Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев шабуылдан кейін Ресей Украинаның бейбіт қалаларына жаппай жаңа шабуыл дайындап жатқанын мәлімдеді. Айта кету керек, кезекті жаппай зымыран шабуыл ертесінде, 11 қазанда болды. «Әлемдік қоғамдастық энергетикалық инфрақұрылым бойынша жасалған зымыран шабуылдарына наразылық білдірді. Украина қалаларын жаппай атқылау Ресейге ешқандай дивиденд алып келген жоқ. Украина электр энергиясын экспорттаушы емес, импорттаушыға айналды.

«Өз кезегінде зымыран шабуылдары мен олардың салдарынан әлем жұртшылығы соғыстың адам шошырлық көріністерінің куәсі болды. Бұл Украинаға көрсетілетін әскери көмектің көлемін артуына әкеледі «, — деп мәлімдеді әскери сарапшылар. Литва сыртқы істер министрі Габриелюс Ландсбергис қазірдің өзінде әлемдік қауымдастықты Украинаға қару жеткізуді ұлғайтуға шақырды. Өз кезегінде Эстония парламенті Ресейді терроризмге демеуші ел деп танып, РФ-ның Украинадағы әрекетін қатаң айыптайтын қарар жобасын жарияланды. Сондай-ақ, халықаралық арнайы трибунал құруға және Ресей Федерациясынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі мәртебесінен айыруға шақырады. Өз кезегінде кейбір журналистер Еуроодақ РФ-ға қарсы тоғызыншы санкция пакетін дайындап жатқанын мәлімдеуде.

«Путин өз-өзін тығырыққа тіреп, РФ-ның онсыз да ақсап тұрған дипломатиялық ұстанымына нұқсан келтіруде. Ресейліктер үшін ауыр экономикалық дағдарысқа айналады, ал ресейлік әскерилер бүкіл әлем заманауи қарумен жабдықтаған Украина армиясына қарсы тұруға мәжбүр болады», — деп топшылап отыр украиналық сарапшылар.

Добавить комментарий