Қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Отандасымыз Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Нұрислам Санаев 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «еркін күрес» бойынша сайыста кілемге шықты. Ол жапониялық қарсыласы Юки Такахашиді жеңді.

Айта кетейік, Такахаши 2017 жылғы әлем чемпионы.

Жартылай финалдық жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:15-те басталады.

Добавить комментарий