Қазақстандық шенеуніктер ақшасын Сингапур банктерінде сақтап отыр

Қазақстандық шенеуніктер өз капиталдарын отанында сақтамауда. Олар ақшаны шетелдік банктерді және шет мемлекеттерде жылжымайтын мүлікті сатып алуда.

465 мыңнан астам жеке тұлға кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынды. Бұл санға шенеуніктер мен олардың отбасы мүшелері де кіреді. Оның ішінде 117 жеке тұлғаның 29 елдің шетелдік банктерінде шоттары бар.

Мемлекеттік қызметкерлер Сингапур банктерінде 952,6 млн теңге сақтауда. Ресейлік банктерде қазақстандық шенеуніктердің 475,7 млн теңгесі сақтаулы. Лихтенштейн Княздігінің банктерінде 426,6 млн теңге бар.

Жылжымайтын мүлікке келетін болсақ, ең көп нысан Ресейде сатып алынған — 181. Түркияда мемлекеттік қызметкерлердің жеті, Болгарияда бес нысаны бар.

333 шенеунік шет мемлекеттің құзыретті органында тіркелген 392 көлік құралын декларациялады.

Қазақстанда шенеуніктердің қандай мүлкі тіркелгені белгісіз. Мемлекеттік кірістер комитеті салық заңнамасына сәйкес декларацияда ҚР уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік пен көлікті көрсету бойынша талап жоқ екенін түсіндірді.

Шенеуніктердің декларациялары көпшілікке қолжетімді бола ма деген сұраққа ведомство жариялауға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайтынын хабарлады

Добавить комментарий