Қазақстандық полицейлер бір-бірімен күреске түскен екі қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, оның ішінде киллер бар.
ҚР ІІМ арнайы жасағы трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады
ҚР ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы бір-бірімен күреске түскен екі қарсы трансұлттық ҰҚТ-ның 11 мүшесі ұсталды.
Арнайы операция Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау және Жамбыл облыстарында жүргізілді.
ІІМ мәліметінше, ҰҚТ мүшелері өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген.
ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қылмыстық топтардың 11 қатысушысын, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған “киллерді” ұстады.
Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі құралдары тәркіленді.
Ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.