Қазақстандық оқушы Ерасыл Тауекел NASA-да емтихан тапсырып, тағылымдамадан өтті.
Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» оқиды, ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлейді және зымыран құраумен айналысады.
Ерасыл Тауекел бала кезінен ғарыш саласын зерттеуге қызығушылық танытқан. Оның әкесі мамандығы бойынша инженер, баласын зымыран құрау үйірмесіне қызығуына өз үлесін қосқан.
Ерасыл өзінің ғылыми-зерттеу мансабын жетінші сыныпта алғашқы зымыранын ұшырған кезде бастады. Алғашқы ауыз толтырып айтарлық жобасымен ол ғарыш тақырыбына арналған «Наурыз кездесулері-2019» ұлттық ғылыми жобалар байқауында бірінші орынды иеленді. Талантты жасөспірім модельді зымырандарға арналған толық автоматтандырылған ұшыру қондырғысын жасады.
Тоғызыншы сыныпта Ерасыл Мәскеуде ММУ және РҒА жанындағы өткен «Болашақтың ғалымдары-2019», Intel BalticSEF-2020 тәрізді халықаралық байқауларда жеңіске жеткен. Мәскеу мен Санкт-Петербургте өткен байқауларда АҚШ-тың оқушыларына арналған Regeneron ISEF дүниежүзілік ғылыми байқаудың ұлттық командасына іріктеу өтті.
Онда Илон Масктің Falcon деп аталатын зымырандарына ұқсас бортында электроникамен және ұшу кезінде басқарудың барлық жүйесі бар ұшу зымыранының прототипін таныстырды. Содан кейін Ерасыл Қазақстанның NASA United Space School-дағы өкілі атанып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен танысты.
«Мен NASA-да тағылымдамадан өтуге өтініш бердім, себебі ол бүкіл әлем оқушыларына заманауи ғарыш саласымен жақын танысуға бірегей мүмкіндік береді, сондықтан мұндай мүмкіндікті жіберіп алмау үшін, тәуекелге бардым. Бұл үшін физика мен математикадан бірнеше тапсырмаларды орындау қажет болды», — дейді Ерасыл
Барлық үміткерлердің академиялық білімі мен ғарыш саласындағы жетістіктерін тексерді, ағылшын тілін жақсы білу де маңызды болды.