Бүгіннен бастап, 2020 жылдың 9 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан Булаев қаласы карантинге жабылды. Қала ішінде үстіміздегі жылдың көктеміндегідей шектеулер қолданылады.
Бұл туралы Мағжан Жұмабаев атындағы аудан әкімдігі хабарлады.
Қалада ресми, бейресми жеке тасымалдаушылармен Булаев және Мағжан Жұмабаев және Петропавл ауданының басқа да ауылдары арасында жолаушылар тасымалына тыйым салынды.
Аудан бас дәрігерінің қаулысына сәйкес Булаев тұрғындарына:
1) пәтерлерден (үйлерден) шығу сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін шектелді (жұмыс және медициналық көмектен басқа), қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығу, қоқыс шығару және жұмысқа шығу;
2) көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестеріне баруға тыйым салынған;
3) сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды
4) 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау қажет;
5) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жедел медициналық көмекке 103-ке қоңырау шалып, медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйден медициналық көмекке жүгіну керек;
6) жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (негізінен отбасы мүшесі) жиналуына жол бермеу.
Қалада меншік нысанына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылды. мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, қоғамдық тамақтану объектілерін, БАҚ, ТҚКС, жерлеу рәсімдері қызметі объектілері, азық-түлік дүкендері, дезинфекциялау құралдарын өткізу жөніндегі мамандандырылған дүкендер, алаңы 500 шаршы метрге дейінгі құрылыс материалдарын, авто және ауыл шаруашылығы бөліктерін, дәріханаларды, сауда объектілерін, 500 шаршы метрден астам сауда объектілерінің жұмыс режимін санитарлық нормаларын, бетперде режимін сақтай отырып, сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін шектеу, және 5 шаршы метрге 1 адамнан аспауы керек, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия анықтайтын тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары.